БІЛІМ CONSULTING
Тимлид (Сату бөлімі)
Что JobRadar наблюдает сейчас
Балл строится только на фактах из источников: свежести подтверждения, возрасте записи и происхождении вакансии. Это не гарантия найма и не оценка работодателя.
Описание вакансии
GEONLINE — оқушыларды ҰБТ-ға онлайн форматта дайындайтын білім беру компаниясы.
2021 жылдан бері Қазақстан бойынша 18 000+ оқушыны оқыттық. Түлектеріміз жоғары нәтижелер көрсетіп, грант иегерлері атанып келеді.
Қазір сату бөлімін кеңейтіп, командаға Сату командасының жетекшісін іздейміз.
Сіздің міндеттеріңіз:
- Сату менеджерлерінен құралған команданы басқару;
- Сату жоспарының орындалуын бақылау;
- Конверсия, қоңыраулар, хат алмасулар және команда нәтижелерін талдау;
- Менеджерлердің жұмыс сапасын бақылау және кері байланыс беру;
- Тәртіпті, тапсырмалар мен дедлайндардың орындалуын қадағалау;
- AmoCRM жүйесімен және есептілікпен жұмыс істеу.
Біз кімді іздейміз:
- Команданы басқару бойынша кемінде 6 айлық тәжірибесі бар ;
- РОП / Team Lead / Senior менеджер лауазымында жұмыс істеген;
- Қазақ тілін еркін меңгерген ;
- Менеджерлерді оқыту, бейімдеу және дамыту дағдылары бар;
- Жауапкершілігі мол, жұмысты жүйелі ұйымдастыра алатын және нәтижеге қол жеткізуге ұмтылатын маман.
Біз ұсынамыз:
- Нәтижеге бағытталған мотивациялық жүйе: негізгі жалақыға қосымша жоғары бонус пен ақшалай сыйақылар ;
- Кәсіби дамуға және мансаптық өсуге мүмкіндіктер;
- Ортақ мақсатқа ұмтылған жас әрі амбициялы команда;
- Жыл қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге шетелге саяхаттау мүмкіндігі;
- Қазақстан оқушыларына жоғары оқу орнына түсуге көмектесетін, маңызы бар жобаның бір бөлігі болу.
Жұмыс шарттары:
- Формат: офлайн, Астана.
- Жұмыс кестесі: 6/1, 13:00–21:00.
Бізбен бірге дамып, өз мүмкіндіктеріңізді жаңа деңгейге көтеріңіз! Командамыздың бір бөлігі болыңыз!
Здесь показан очищенный фрагмент описания из источника. Полные условия и актуальность вакансии проверьте на странице работодателя.